RU KZ

"Бала-адамның бауыр еті" тақырыбында ата-аналар жиналысы.

Сәуір айының 27 күні жалпы ата-аналар жиналысы "Бала-адамның бауыр еті" тақырыбында болады.Бұл жиналысқа арнайы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшының орынбасары О.Рахметова,осы мекеменің бас маманы Ж.Абишева және ассистент Г.Серікбаева қатысты.Алғашқы сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Мадымов мырзаға беріліп жалпы мектептің әлеуметтік жағдайы жайлы,Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5757 болып енгізілді.Мектеп тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинау үшін ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы #64 қаулыны басшылыққа алатынын ескертті.Шақырылған ата-аналар атауы әлеуметтік көмек алатын,көпбалалы отбасылар,аз қамтылған отбасылар болды.Мемелекет тарапынан берілетін түрлі көмектердің алу жолдары түсіндірілді.Атап айтқанда Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы баяндалды. Шақырылған мамандар толық қанды түсіндірме жұмыстар жасады.Ата-аналар өздерінің сұрақтарына оң жауаптар алды.




Добавлено: 2-05-2023, 09:57
0
412

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх