«Мектеп лигасы» аясындағы 9-11 сынып ұлдар арасындағы облыстық баскетбол жарысы
«Мектеп лигасы» аясындағы 9-11 сынып ұлдар арасындағы облыстық баскетбол жарысы2025 жылдың 10 - 13 ақпан аралығында Семей қаласында облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9 - 11 сынып ұлдары арасында баскетбол жарысы өтті. Жүлдегер орынға үмітті командалар қала, аудан командалары қатысып, қорытынды бойынша облыстық білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі мақтау қағаздарымен, медальдарымен, кубоктарымен марапатталды. Жылдамдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейтін баскетбол ойыны ауданымызда қарқынды дамуда. Өткен жылғы болған облыстық кезеңінде ұлдар командалары да, қыздар командалары да жүлделі орындардан көріне білді.
Жарысқа келетін болсақ , ауданымыздың жеңімпазы #5 орта мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді. Құмарханов Нұррахым, Ережепов Медет, Қажыбеков Керейхан, Қаппасов Арғын, Мелисханов Бекжан, Сәрсен Рауан, Калиев Нұрәли Нұрдәулет Әкежан болған команданы жоғарғы деңгейде дайындаған ұстаздар Агаев Вагиф Адилович пен Амансейт Жансерік Нұржанұлының үлкен еңбектерінің арқасы деп білуге болады.Құттықтаймыз!









